homepage
Фото: Ашық дереккөзден

Ауғанстан мен Тәжікстан шекарасында атыс болды

25.12.2025, 12:06

Ауған-тәжік шекарасында атыс болып,  Тәжікстанның екі шекарашысы қаза тапты, деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Азаттық радиосының тәжік қызметінің мәліметінше, оқиға 24 желтоқсанда Шамсиддин Шохин ауданында болған. Қарулы контрабандистер шекарадан өтпек болған кезде атыс шыққан. Екі сарбаз қаза тауып, бірнеше адам жараланған. Душанбе әзірге ресми түсініктеме берген жоқ.

Озоди радиосы қаза тапқандардың 28 жастағы Исматулло Курбонов пен 33 жастағы Зиребон Наурызбеков екенін хабарлады. Контрабандистердің бірі ұсталған.

Кабулдағы Хашти Субх басылымы атыс кезінде тәжік күштерінің оғынан екі ауған азаматы қаза тапқанын жазды. Олардың есірткі тасымалына қатысы болуы мүмкін.

Қақтығыс Тәжікстанның Ауғанстанмен шекарада төрт жаңа шекара бекетін ашқан күні болған. Шараға президент Эмомали Рахмон онлайн қатысқан.

Бұған дейін тәжік-ауған шекарасында қытайлық жұмысшыларға екі рет шабуыл жасалып, бес Қытай азаматы қаза тапқан. Қытай бұл оқиғаларды айыптаған еді.