KazTAG агенттігінің бас редакторы Әмір Қасенов үй қамаққа жіберілді, деп хабарлайды Juzmedia.kz.
«Әмір Қасеновті үй қамаққа жіберді. Жаңа жылды үйінде қарсы алатыны жақсы, бірақ байланыссыз қалатыны қынжылтады», деді “Әділ сөз” қорының президенті Қарлығаш Жаманқұлова.
Әмір Қасеновті полиция қызметкерлері 23 желтоқсан күні кешкісін ұстаған.
Құқық қорғау органдарының мәліметінше, тергеу жеке компанияның іскерлік беделіне нұқсан келтіретін жалған ақпаратты бірнеше рет таратты деген шағымға байланысты жүргізіліп жатыр.
Бұған дейін Әсет Матаев пен Әмір Қасенов Freedom Finance компаниясының шағымы негізінде күдікті деп танылғаны хабарланған. Оларға Қылмыстық кодекстің 274-бабы – «жалған ақпарат тарату» бойынша айып тағылып отыр.