homepage
Фото: Ашық дереккөзден

Мұқтажтардың үйін саудалаған алаяқ әшкереленді

25.12.2025, 09:11

Астанада көпбалалы отбасыларға, жетімдер мен мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған тұрғын үйді заңсыз иемденген топ құрықталды, деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Қаржылық мониторинг агенттігінің мәліметінше, 2014–2016 жылдары «Төленді» тұрғын үй-құрылыс кооперативін басқарған А.Байжұманов пайшылардың қаражатын жымқырғаны үшін 8 жылға сотталған. Кейін құрылыс нысандарын Астана қаласының әкімдігі аяқтап, пәтерлердің бір бөлігі әлеуметтік осал санаттағы азаматтарға берілуі тиіс болған.

Алайда бостандыққа шыққан соң Байжұманов жаңа схема ойластырған. Пәтерлер жалған құжаттар арқылы, «артқа шегерілген» күнмен рәсімделген. Соның салдарынан 80-нен астам «жалған үлескер» жәбірленуші деп танылып, 170 жылжымайтын мүлікті заңсыз иемденген. Күдіктілер қамауға алынды, тергеу жалғасып жатыр.