Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін Астананы дамыту мәселесіне арналған кеңесте елорда әкімі Жеңіс Қасымбекті мақтады, деп хабарлайды Juzmedia.
«Ақыры, менің не қалайтынымды, не талап ететінімді түсінетін адамды таптым. Бұған дейін, ондай түсіністік болған жоқ», деді ол Президент.
Жиын барысында Қасым-Жомарт Тоқаев елорда заманауи урбанистиканың үлгісіне айналып келе жатқанын, қалалық ортаны дамытудың бірыңғай тәсілі айқындалғанын атап өтті. Мұны биыл жазда елімізде өткен саммиттер кезінде өзге де мемлекеттер басшылары байқаған.
«Мысалы, Төраға Си Цзиньпин қаламыздың келбеті айтарлықтай жақсарғанын айтып, жоғары бағасын берді. Бұл – әлемдік ірі державалардың басшылары Қазақстанға келгенде біздің қалаларымыздың келбетіне мән беріп қарайды деген сөз. Мұны қаперде ұстау керек», деді Тоқаев.