homepage
Фото: Tengrinews.kz

"Қылмыспен пара-пар": Тоқаев сапасыз құрылысты қылмысқа теңеді

24.12.2025, 17:42

Астананы дамыту жөніндегі кеңесте Президент Қасым-Жомарт Тоқаев құрылыс компанияларының жауапкершілігін күшейтуді тапсырды, деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Астанада жыл басынан бері 5 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Бұл ел бойынша салынған үйлердің төрттен біріне тең. Алайда, көп саламыз деп, дөп салмайтынымыз бар. Мұны президент те біледі. Бүгін жиында Қасым-Жомарт Тоқаев үй қаптамасының құлауы мен жолаушылар лифтіне қатысты қайғылы оқиғалардан хабардар екенін білдіріп,  сапасыз материалды қолдану, құрылыс талаптарын бұзу және қауіпсіздік стандарттарын сақтамау – қылмыспен пара-пар екенін ескертті. 

«Мұндай тәжірибені тоқтату керек», – деді ол. Президент Үкіметке жобалаудан бастап нысанды пайдалануға беруге дейінгі барлық кезеңде сапаны бақылайтын цифрлық жүйе енгізуді тапсырды. 

Бұдан бөлек, Тоқаев құрылыс компанияларының жауапкершілігін күшейтіп, құрылыс салушылар, мердігерлер және барлық сараптама қорытындылары туралы ақпараттың ашық болуын қамтамасыз етуді міндеттеді.