Қазақстанның Даму банкі олигархияның жеке банкіне айналды деді бүгін мәжіліс отырысында Жоғары аудиторлық палата төрағасы Әлихан Смайылов.
Смайыловтың сөзінше, Қазақстанның Даму банкі өнеркәсіпті дамытудың тиімді институты болуы тиіс еді. Алайда, банк олигархиялық топтарға жататын шектеулі адамдарға ғана арзан әрі ұзақ мерзімді қаржы беріп, өңдеуші сектордағы өзге бизнесті өзекке теуіп келгені анықталды.
“Соның нәтижесінде, кәсіпкерлердің басым бөлігі мемлекеттік қолдау жүйесіне сенімсіздікпен қарайды. Себебі, бәріне теңдей қолдау шаралары әртүрлі пайыздық мөлшерлемемен ұсынылған, ал нақты қай бизнес қандай талаппен іріктелгені ашық көрсетілмеген. Тіпті несие рейтингі төмен компанияларға да арзан несие үздіксіз беріліп отырған”, деді ол.
Смайылов банк экспортқа жұмыс істейтін, жоғары өңделген өнім шығаратын ірі кәсіпорындарға асымдық беруі керек.
Бұған дейін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев та Қазақстанның Даму банкін «таңдаулы адамдарға арналған банк» деп сынға алған. Мәжіліс депутаты Магеррам Магеррамовтың айтуынша, реформаларға қарамастан, бұл мәселе әлі шешілген жоқ.