Астана қалалық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы 10 жылға сотталған Л. Грачёваға қатысты істі апелляциялық тәртіппен қайта қарады, деп хабарлайды Juzmedia.kz.
ОҚИҒАНЫҢ МӘН-ЖАЙЫ
Бұған дейін алқабилер кесімімен Л. Грачева Альмира Нұрлыбекованың ұлы – сотталған Қуандық Бишімбаевтың жазасын жеңілдету үшін көмектесе аламын деген сылтаумен оны апелляциялық сатыдағы судьяларға аса ірі мөлшерде 100 млн теңге сомасында пара беруге итермелегені және аса ірі мөлшерде алаяқтық жасауға оқталғаны үшін кінәлі деп танылған.
Л. Грачеваның қылмыстық әрекеті оны Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің қызметкерлерінің әшкереленуіне байланысты ақырына дейiн жеткізілмеген.
АПЕЛЛЯЦИЯЛЫҚ САТЫДАҒЫ СОТ АЙЫПТАУ ҮКІМІМЕН КЕЛІСТІ
Аталған кесіммен келіспей, ол аппеляциялық шағым түсірген.
«Іс бойынша заңбұзушылықтар болмағандықтан, сот тергеуінің барлық сатысы, атап айтқанда, ҚПК-нің 650-бабына сәйкес айқындалған алқабилер қатысатын соттағы сот тергеуiнiң ерекшелiктерiне сай заңның белгіленген нормаларына сәйкес жүргізілгендіктен апелляциялық сатыдағы сот айыптау үкімімен келісті», - делінген сот хабарламасында.
Жаза мөлшері туралы мәселені судья мен алқабилер ҚПК-нің 656-бабына сәйкес шешті.
Сот актілері заңды күшіне енді.
«Juzmedia» - ақпараттық-ағартушылық портал. Қазақ қоғамының өсуі, өзгеруі тұсында болып жатқан құбылыстарды мүлт жібермейтін сенімді ақпарат көзі. Атауына қатысты түсініктеме бере кетсек: Елде болып жатқан әр іс-әрекеттің сыртында адам, адамның бет-бейнесі, ЖҮЗІ бар. Яғни, жауапкершілігі, ар-ожданы деген сөз. Мейлі қарапайым адам, мейлі шенеунік осы түсінік аясынан алшақтамаса.