homepage
Фото: Ашық дереккөзден/Көрнекі сурет

Корпорация басшылығы бір жылда 14 сыйақы алған

24.12.2025, 15:26

Қазақстандағы әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялардың бірінің басшылығы бір жылда 14 рет сыйақы алған, деп хабарлайды Juzmedia.kz. 

“Ақжайықтың” ӘКК басшылығы бір жылда 14 рет сыйақы алған. ​Мұны жер мәселесіндегі айрықша «жетістігі» үшін берілген болар. Өйткені дәл осы корпорацияда жер қатынасына байланысты бірқатар өрескел әрекет анықталған», деді депутат.

Оның айтуынша, соңғы бес жылда ӘКК-ларға 528 млрд теңге бөлінгенімен, тексерілген 13 корпорацияның 8-і 209 млрд теңге шығынға батқан. Корпорациялар қаржыны нақты жобаға құюдың орнына банктегі депозитке салып, процентін алып отырған.

“Егер ӘКК-ның барлық қызметі депозит ашумен шектелсе, мұндай делдалдың қажеті қанша? Қанша жұмыс орны ашылды, тұрғындарға нақты қандай әлеуметтік пайда әкелді деген сұраққа нақты жауап жоқ. Әлеуметтік деген аты бар, бірақ атқарған жұмысы соған сай емес»”, деді Бейсембаев. 

Әлихан Смайыловтың сөзінше,  ӘКК үкіметті әбден шығынға батырып біткен, әуелде бизнес пен билік арасын жалғайды деген арнаның араны ашылып, бес жылда бөлінген жарты трлн теңгені тиімсіз жұмсаған.