Қаржы министрлігі мемлекеттік сатып алу жүйесін жеңілдету бағытында бірқатар жаңа талап енгізді, деп хабарлады Juzmedia.kz.
Енді сатып алуларда міндетті түрде алдын ала тапсырыс рәсімдеу тәртібі енгізілді. Бұл барлық жеткізушіге тең мүмкіндік беру және тауарды қымбат бағамен сатып алу тәуекелін азайту үшін жасалып отыр.
Маңызды жаңалықтың бірі – сатып алу тапсырыстары енді тек жұмыс уақытында ғана қабылданады. Яғни, тапсырыстарды рәсімдеу уақыты 08:00-ден 20:00-ге дейін шектелді. Осылайша «түнгі тендерлерге» жол жабылды.
Жаңа ережелер 2025 жылғы 19 желтоқсаннан бастап күшіне енді. Қаржы министрлігі бұл өзгерістер мемлекеттік сатып алу жүйесінің ашықтығын арттырады.
Айта өтсек, қыркүйек айында Жамбыл облысының білім басқармасы 287 млн теңгеге тендер ойнатып, құжаттарды 16 қыркүйекке қараған түні – сағат 00:06-дан таңертеңгі 9:06-ға дейін ғана тапсыру мүмкіндігін ұсынған. Және бұл тендерді жеңіп алған компания депутат Әбутәліп Мүтәліге тиесілі екені анықталды. Оның BESupply компаниясы 2025 жылдың өзінде жүздеген миллион теңгеге 10 тендерді жеңіп алған.