homepage
Фото: Ақорда

Рустам Баялиев Президент Әкімшілігіндегі орнын босатты

24.12.2025, 14:11

Мемлекет басшысының өкімімен Рустам Ахатханович Баялиев Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Өңірлік даму мониторингі бөлімінің меңгерушісі қызметінен босатылды. Ол бұл лауазымға биыл ақпан айында тағайындалған болатын деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Рустам Баялиев 1975 жылы туған. 1996 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін «халықаралық журналистика» мамандығы бойынша тәмамдаған. 1998 жылы Еуразия нарық институтын «экономика және менеджмент» мамандығы бойынша бітірген. 2025 жылғы 13 ақпаннан бастап Президент Әкімшілігінің Өңірлік даму мониторингі бөлімін басқарды.