homepage
Фото: ашық дереккөзден

Сарыағаш тұрғыны шыршаны не үшін құлатқанын айтып берді

24.12.2025, 12:43

Кеше Түркістан облысы Сарыағаш қаласының орталық алаңындағы шыршаны белгісіз біреу көлікпен соғып, құлатып кеткен еді. Полиция қызметкерлері жүргізушіні тауып, себебін сұрады. Анықталғандай, жүргізуші көлігін басқара алмай қалған. 

«Полиция құқық бұзушының жеке басын анықтап, оған қатысты әкімшілік шара қолданды. Сонымен қатар, оқиғаға қатысы бар автокөлік айыптұраққа қойылды. Алғашқы тергеу нәтижесінде белгілі болғандай, «ВАЗ 2105» маркалы автокөлік жүргізушісі шыршаны айналып өтпек болып, көлігін басқара алмай соққан» , - делінген Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі таратқан хабарламада. 

Шыршаны қиратқан адам оны қалпына келтіруге көмектескен.