Дүйсенбі күні кешке Түркия аумағында Ливия Қарулы күштері Бас штабының бастығы Мохаммед әл-Хаддад мінген бизнес-джет апатқа ұшырады деп хабарлайды Juzmedia.kz.
Бұл туралы Түркияның ішкі істер министрі Али Ерликая X әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды. Оның айтуынша, ұшақ Анкарадағы Есенбоға әуежайынан Триполиге бет алған. Әуе кемесінің сынықтары Анкара маңындағы Хаймана ауданына қарасты Кесиккавак ауылынан шамамен екі шақырым қашықтықта табылған.
Ливия тарапы әскери басшының қаза тапқанын ресми түрде растады. Алдын ала мәліметке сәйкес, Falcon 50 ұшағымен байланыс әуеге көтерілгеннен кейін шамамен 40 минуттан соң үзілген. Бортта Мохаммед әл-Хаддадтан бөлек тағы төрт адам болған. Жергілікті және халықаралық бұқаралық ақпарат құралдарының жазуынша, олардың барлығы Ливияның жоғары лауазымды әскери шенеуніктері.