Қостанай облысында кішкентай 3 бала мен олардың атасы пештен шыққан ыстан уланып көз жұмды. «НеМолчиKZ» қоры балалар қайтыс болған сәттегі фотосуреттерді жариялап, олардың қандай жағдайда өмір сүргенін көрсетті, деп хабарлайды Juzmedia.kz.
БАЛАЛАРДЫҢ АНАСЫ ҮЙДЕ БОЛМАҒАН
Қайғылы оқиға 18 қарашада Амангелді ауданы Қарынсалды ауылында болған.
«2016, 2021, 2022 жылдары туған үш бала мен 1957 жылы туған атасы көмірқышқыл газынан уланып қайтыс болды. Балалардың анасы үйде болмаған. Олар үйде екі ер адаммен бірге болған. Біздің қолымызға мәйіттердің және үйдің фотосуреттері тиді», - деп жазды қор өкілдері желідег парақшасында.
БАЛАЛАР АДАМ ТӨЗГІСІЗ ЖАҒДАЙДА ТҰРҒАН
Олардың айтуынша, балалар адам төзгісіз жағдайда тұрған. Ең жүректі ауыртқаны - балалардың бәрі іш киімсіз, яғни бұттары жалаңаш, ал денесінің үстіңгі жағына киім киген күйінде жатты. 8 жасар қыз бала да солай жатқан. Әрі олар суық еденде лас шүберектің үстінде жатқан», - делінген жазбада.
ҚАМҚОРШЫЛЫҚ ОРГАНДАРЫ ҚАЙДА ҚАРАҒАН
Осылай деген қор өкілдері қамқоршылық органдарына сұрақ қояды.
«Қамқоршылық органдарына қайда қарап отыр? Тексерулер қалай жүргізіледі? Сіздер бұл отбасына бардыңыздар ма, жоқ па? Неге балаларымыз осылай өмір сүріп, осылай өліп жатыр? Еш қамқорлықсыз, қараусыз, іш киімсіз, еденде жатқан күйі өле бере ме?» - деп сауал тастайды қор өкілдері.
ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚ ФАКТІСІ РАСТАЛСА НЕ БОЛАДЫ?
Белгілі болғандай, қайғылы оқиғадан отбасында бір ұл бала аман қалған, ол ата-анасына қайтарылған. Отбасы аз қамтылған, әлеуметтік осал топқа жатады.
«Балаларға не жағдай болған? Сот сараптамасының қорытындысы зорлық-зомбылық фактісін растайтын болса ше? Тірі қалған баланы әке-шешесіне қалдырасыздар ма? Не үшін? Осындай екіжүзділіктен, үнсіздік пен немқұрайлылықтан қатты қапа боламыз. 10 күн өтті, қандай тергеу амалдары жүргізілді? Не істелді?» - деп сауал тастады қор өкілдері.
«Juzmedia» - ақпараттық-ағартушылық портал. Қазақ қоғамының өсуі, өзгеруі тұсында болып жатқан құбылыстарды мүлт жібермейтін сенімді ақпарат көзі. Атауына қатысты түсініктеме бере кетсек: Елде болып жатқан әр іс-әрекеттің сыртында адам, адамның бет-бейнесі, ЖҮЗІ бар. Яғни, жауапкершілігі, ар-ожданы деген сөз. Мейлі қарапайым адам, мейлі шенеунік осы түсінік аясынан алшақтамаса.