homepage

Оңтүстік Қазақстан университетінің ректоры қамауға алынды

Juzmedia. kz
30.09.2024, 20:02

Ресми мәлімет бойынша, Шымкент қаласының мамандандырылған тергеу соты күдікті Қайрат Нұрманбетовке қатысты екі ай мерзімге, яғни 2024 жылдың 18 қыркүйегі мен 2024 жылдың 18 қарашасы аралығында бұлтратпау шарасы ретінде қамауға алған. Одан бөлек тағы екі азамат қамауға алынды.

Бұған дейін медиада күдіктілердің бірі ЖШС директоры екендігі және оның пара берді деген күдікке ілінгені туралы ақпарат пайда болған.

«Қаулы заңды күшіне енген, сотқа дейінгі тергеп-тексерудің қалған деректері Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының талаптарына сәйкес ашылмаған», - деп хабарлады Шымкент соты.

Сондай-ақ, Шымкент қалалық сотының баспасөз қызметі мамандандырылған тергеу сотымен күдікті А.С.-ға 2024 жылдың 25 қыркүйегі мен 2024 жылдың 25 қарашасы аралығында үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланғанын хабарлады.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Оңтүстік Қазақстан университетінің ректоры мен қалған ұсталғандардың нақты қандай күдікке ілінгені айтылған жоқ.

Juzmedia

«Juzmedia» - ақпараттық-ағартушылық портал. Қазақ қоғамының өсуі, өзгеруі тұсында болып жатқан құбылыстарды мүлт жібермейтін сенімді ақпарат көзі. Атауына қатысты түсініктеме бере кетсек: Елде болып жатқан әр іс-әрекеттің сыртында адам, адамның бет-бейнесі, ЖҮЗІ бар. Яғни, жауапкершілігі, ар-ожданы деген сөз. Мейлі қарапайым адам, мейлі шенеунік осы түсінік аясынан алшақтамаса.