Яна Легкодимованың ісі бойынша өмір бойына сотталған екеу үкімге шағым түсіріп жатыр, деп хабарлайды Juzmedia.kz.
Бұл іс бойынша сотталғандардың адвокаттары апелляциялық шағым бермек. Атырау облыстық сотының баспасөз қызметі қылмыстық істің әзірге апелляциялық сотқа түспегенін мәлімдеді.
Іс апелляциялық алқаға берілген соң, қорғау тарапының айтқан уәждері заңға сай қаралады.
Еске салсақ, 2025 жылдың қараша айында 24 жастағы Яна Легкодимованы өлтіру ісі бойынша үкім шығып, сот Ризуан Хайржанов пен Алтынбек Қатимовты өмір бойына бас бостандығынан айырған.
Қайғылы оқиға 2024 жылдың күзінде болған. 18 қазанда Яна Легкодимова Ризуан Хайржановпен кездесуге үйінен шығып, жоғалып кеткен. Оның денесін 8 айдан соң Жайық жағасынан табылды. Тергеу мәліметінше, Хайржанов танысы Алтынбек Қатимов екеуі қызды өлтіріп, денесін Талдыкөл ауылы маңындағы өзенге лақтырып жіберген.