homepage
фото: ашық дереккөзден

Қостанайда ауылға баратын дәрігерге 7 млн теңге беріледі

23.12.2025, 16:02

Құмар Ақсақалов Қостанай облысында  дәрігер тапшылығын қалай шешіп жатқанын айтып берді., деп хабарлайды Juzmedia. Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында ол ауылға барамын деген дәрігерге 7 млн көтерме жәрдемақы берілетінін мәлімдеді. 

“Өңірге медицина қызметкерлерін тарту жұмысы жалғасып жатыр. Облыстың оңтүстік өңірлерінің дәрігерлері үшін көтерме жәрдемақыны ұлғайттық: аса тапшы мамандарға — 8,5 млн теңгеге дейін, қалада — 5 млн теңгеге дейін, ауылда — 7 млн теңгеге дейін. 2023 жылдан бастап облыс бойынша дәрігерлердің тапшылығы 2 есеге төмендеді. Бұрын 312 дәрігер жетіспесе, қазір 152 маман тапшы”, деді өңір әкімі. 

Оның айтуынша, үш жылда облыста 35 денсаулық сақтау объектісі салынды.