homepage
фото: Үкімет

Желідегі пікірлер Жұманғариннің "жынын келтірді"

23.12.2025, 14:24

Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин ел экономикасына қатысты әлеуметтік желіде айтылып жүрген пікірлерді негізсіз деп санайды. Журналист вице-премьерге «салық саясаты ел тартымдылығын төмендетіп, халыққа кері әсерін тигізе ме» деп сұрақ қойған болатын. Жұманғарин желіде мұндай пікір жазып, болжам айтатындарға сенбеуге шақырды. 

«Әлеуметтік желіге көп сенуге болмайды. Онда жауапкершілік жоқ. Жазып отырғандардың көбінде экономикалық білім де жоқ. Ковид кезінде бәрі вакцинацияның маманы болды, қазір Салық кодексінің білгіріне айналды», деді Жұманғарин.

Вице-премьердің сөзінше, Үкімет бұл шешімді жыл бойы бизнес өкілдерімен және қоғаммен ашық талқылап барып қана қабылдаған. Ол өңірлердегі шағын және микробизнесті қолдауға арналған жаңа “Іскер аймақ” бағдарламасының сәтті боларына сенімді. 

«Келер жылдың кірістерін көріп отырмыз. Бұл шағын және микробизнеске, әсіресе шалғай аудандарда жаңа кәсіп бастауға жол ашады», – деді ол.