Президент Әкімшілігі басшысының орынбасары, Алматы қаласының бұрынғы әкімі Ерболат Досаев тағы бір қызметке тағайындалды. Ол «Самұрық-Қазына» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі болып сайланды, деп хабарлайды Juzmedia.
Осылайша кеңестің мүшелігі 8-ге дейін кеңейді. Олардың арасында Болат Жамішев, Нұрлан Жақыпов, Мохаммед Джамиль Аль Рамахи бар және SKAI (Samruk-Kazyna Artificial Intelligence) – жасанды интеллект бейнесіндегі виртуалды директор бар. Кеңеске премьер-министр Олжас Бектенов жетекшілік етеді.
Айта өтсек, осы жылдың мамыр айында Президен Ерболат Досаевты Алматы әкімі қызметінен босатқан. Ал, қыркүйекте ол Президент Әкімшілігі басшысының орынбасары болып тағайындалды.