Сарыағаш қаласының орталық алаңында орнатылған жаңа жылдық шыршаны біреу көлікпен соғып, қиратып кетті, деп хабарлайды Juzmedia.
Оқиға көшедегі бақылау камерасына жазылған. Видеода жеңіл көлік шыршаны айналып жүргені анық байқалады. Жүргізуші қос жолақты елемей, жол ережесін де өрескел бұзған.
«Аталған дерек бойынша оқиғаның мән-жайы анықталып, кінәлі тұлғаларға қатысты ҚР қолданыстағы заңнамасына сәйкес тиісті шаралар қабылданатын болады», деп хабарлады Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі.
Қазір шырша қайта құрылып жатыр. Келтірілген шығын көлемі белгісіз.