Торғай өңірін дамытуға алдағы үш жылда 165,5 млрд теңге қарастырылып отыр. Бұл туралы Орталық коммникациялар қызметіндегі брифинг барысында Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов айты, деп хабарлайды Juzmedia.
Биыл Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында Торғай өңірінің әлеуметтік-экономикалық дамуы Үкіметтің назарында болуы тиіс екенін ерекше атап өтті. Осыған байланысты қазіргі уақытта Арқалық қаласын, Амангелді және Жангелдин аудандарын алдағы үш жылдық кезеңде әлеуметтік-экономикалық дамыту жөніндегі жоспар бекітілді. Ол жалпы сомасы 165,5 млрд теңге болатын 51 іс-шарадан тұрады. Құжат өңірді дамытудың басым салалық міндеттерін жедел шешуге бағытталған, деді Құмар Ақсақалов.
Оның аясында Арқалық қаласында салынып жатқан әуежай да бар. Нысан 2026 жылғы шілдеде айында іске қосылады. Сондай-ақ, ол маусым айында «Орталық — Батыс» бағыты бойынша өтетін маңызы жоғары көлік дәлізінің құрылысы басталғанын да хабарлады.