Бүгін Алматыда Асанәлі Әшімовпен қоштасу рәсімі өтті. Қазақ ұлттық опера және балет театрына жиналған көпшілік қазақ өнерінің абызы Асанәлі Әшімовті ақтық сапарға қол соғып шығарып салды. Актер Кеңсай – 1 зиратына жерленеді.
Қаралы жиынға мәдениет және өнер саласының өкілдері, қоғам қайраткерлері, марқұмның әріптестері, шәкірттері және қала тұрғындары жиналды.
Арасында мемлекеттік хатшы Ерлан Қарин, премьер-министрдің орынбасары – мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева, Алматы қаласы әкімі Дархан Сатыбалды, ақын Жүрсін Ерман, ақын Ұлықбек Есдәулеттер бар.