homepage
Фото: me/Ruslan Zheldibay

АҚШ президенті Тоқаевқа сый-сияпат көрсетті

23.12.2025, 10:09

АҚШ президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа Ақ үйдің кілтін сыйлады. Бұл символикалық сыйлықты Трамп тек таңдаулы меймандарына тарту етіп келеді, деп хабарлайды Juzmedia.

Бұған қоса ол өзінің қолтаңбасы бар бейсболканы да АҚШ-тағы Қазақстанның елшісі Мағжан Ілиясов арқылы беріп жіберді. Дипломат жақында Трампқа сенім хатын табыстаған болатын. Президенттің баспасөз хатшысының сөзінше, Трамп Тоқаевпен қараша айында өткен кездесуді еске алып, Қазақстан басшысын тәжірибелі саясаткер ретінде құрметтейтінін атап өткен. 

Трамп Ақ үйдің мұндай символикалық кілтін бұған дейін Криштиан Роналдуға, Илан Маскқа, Әзербайжан президенті Ильхам Әлиевке табыстаған болатын.