homepage
Фото: instagram.com/jemappelledali

"Рэкетир"-дің жұлдызы инсульт алды

22.12.2025, 21:48

“Рэкетир” фильмінің жұлдызы, актер Мұрат Бисенбин инсульт алып, ауруханаға түсті, деп хабарлайды Juzmedia.  

Ол бір жылдан астам қатерлі ісікпен күресіп келеді. Осы уақытта үздіксіз ем қабылдаған актердің жағдайы туралы оның қызы Сафия әлеуметтік желіде жазба қалдырған. 

​“Бір жарым жылда әкем мен анам талай нәрседен өтті, ауруханадан ауруханаға, клиникадан клиникаға, тоқтаусыз талдаулар, ем, химиотерапия, қалпына келу және тағы басқа. Сіздерге көрсетілмейтін дүние көп. Қазір әрқайсымызда бір ғана нәрсе бар – сенім. Жақсылыққа сенім. Әкемнің міндетті түрде жеңілдеп, жағдайы түзелетініне сенім. Ерте ме, кеш пе ремиссияға шығатынына сенім. Бұл жағдайдағы ең ауыр нәрсе – естеліктер. Бәрі жақсы болған күндердің, әкемнің сау, сергек жүрген кездерінің естелігі. Қазір әкем әлі де күресіп жатыр”, деп жазды ол.  

53 жастағы актерге өткен жылдың күзінде ұйқы безінің қатерлі ісіге деген диагноз қойылған. Танымал актердің өзі бұл дертке шалдығуының бірден бір себебі – ашқарынға энергетик сусындар қабылдаудан болуы мүмкін деген ойын айтып, сұхбат берген болатын.