Астанада жекеменшік стоматологияда көз жұмған 3 жасар қыздың өліміне қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды Juzmedia.kz.
Сот анестезиолог дәрігерді салғырттық танытып, науқастың өліміне себепкер болды деп таныды. Ол 2 жылға бас бостандығынан айырылып, 3 жыл бойы медициналық қызметпен айналысу құқығынан айырылды. Алайда жаза іс жүзінде орындалмайды: дәрігер рақымшылыққа ілінген.
Сонымен қатар сот дәрігерді марқұм баланың әкесіне 500 мың теңге көлемінде өкілдік шығынды өтеуге міндеттеді. Бұдан бөлек, одан жәбірленушілерді өтеу қорына 36 920 теңге және сот-медициналық сараптамалар үшін мемлекет пайдасына 204 920 теңге өндірілді.
Еске салайық, 3 жастағы қыз Астанадағы жеке стоматологияда тісін емдету кезінде наркоздан оянбай, көз жұмған.