homepage
фото: Haberler.com

Түркия парламентіндегі төбелес

22.12.2025, 15:56

Түркияда депутаттар парламентте төбелесіп қалды. Депутаттардың төбелесіне 2026 жылға арналған бюджет түрткі болған, деп хабарлайды Juzmedia. 

СНР фракциясының депутаты Мұрат Эмир, әріптесі, Ақ партиясы фракциясының депутаты Мұстафа Варанкпен әуелі сөзге келіп, сосын жұдырық ала жөнелген. 

Оларды арашалауға бүкіл парламент жұмылды. Қорытындысында 249 депутат қарсылық танытса да келер жылғы бюджет қабылданды.

Айта өтсек, Қазақстан парламентінің қос палата үнсіз-ақ үш жылға арналған бюджетті қараша айында бекітіп берген. Президент осы айдың басында қол қойды.