Беделді Bloomberg басылымы Алматы қаласын 2026 жылы баруға тұрарлық әлемдегі ең үздік 25 туристік бағыттың қатарына қосты, деп хабарлайды Juzmedia.kz.
Басылым Алматының соңғы жылдары туристер арасында танымалдығы айтарлықтай артқанын атап өтеді. Bloomberg ақпаратына сәйкес, 2025 жылдың тоғыз айында қалаға 2,5 миллион турист келген.
«Орталық Азия даласында шығармашылық энергия қайнап жатыр. Елдің ең ірі қаласының танымалдығы артып келеді. Көп турист дәмдеуіштер, бал және жылқы етінен жасалған шұжықтар сатылатын Көк базарды, сондай-ақ Вознесенск кафедралы шіркеуін көру үшін келеді. Бұдан бөлек, саяхатшыларды Іле Алатауы, альпілік көлдер мен тау шаңғысы беткейлері қызықтырады», – деп жазады басылым.
Bloomberg рейтингі әлемдік туристік үрдістерді сараптау, салалық мамандардың пікірі мен аналитикалық деректер негізінде жасалады.