Қазақстанның шойын жолында тағы бір оқыс оқиға. Жамбыл облысында жүк вагондарының соқтығысты, деп хабарлайды Juzmedia.kz.
Оқиға 20 желтоқсан күні кешкісін болған. Рельстен шығып, аударылған вагондардың екеуінде Қорғаныс министрлігіне тиесілі әскери-техникалық мүлік болғаны айтылады.
Бұл ақпаратқа Қазақстан темір жолы ресми түсініктеме берді.
«Оқиға салдарынан қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ. Пойыз қозғалысында кідіріс тіркелмеді, басқа құрамдардың жүру кестесіне әсер еткен жоқ», – делінген ҚТЖ таратқан хабарламада.
Оқиғаға Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі де түсініктеме берді. Ведомство мәліметінше, вагонда әскер техника мен қару-жарақ болмаған, тылдық мақсаттағы мүліктер тасымалданған.
Министрлік өкілдері материалдық шығын көлемі арнайы комиссияның тексерісінен кейін анықталатынын мәлімдеді.