Алматыда аса ірі көлемдегі есірткі тәркіленді деп хабарлайды Juzmedia.kz Polisia.kz дерегіне сүйеніп.
Қылмыстық топ каннабис тобына жататын есірткі заттарын тасымалдау, сақтау және өткізумен айналысқан.
Бірнеше адам ұсталып, есірткі заттары, ақшалай қаражаттар тәркіленді, сондай-ақ тыйым салынған заттарды сақтауға арналған жасырын орындар анықталды. Тәркіленген гашиштің жалпы салмағы 16 келіден асады.
Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу амалдары жалғасып жатыр.