Темір қаласының әкімі Еркін Далмағанбетов өз-өзіне қол жұмсады, ол 46 жаста болатын. Оның денесі 20 желтоқсан күні кешкі сағат тоғыздар шамасында үйінен табылды, деп хабарлайды Juzmedia.
Қайғылы жағдайды аудан әкімдігі растап отыр. Бейресми мәлімет бойынша сол күні ол достарымен кездескен. Далмағанбетовтің екі некеден алты баласы қалған.
«Мәйіт үйінен табылды. Қазір жан-жақты тексеру жүргізіліп жатыр. Артында балалары қалды», — деді Темір ауданының әкімі Алмас Жақсылықов.
Еркін Далмағанбетов Темір қаласының әкімі қызметіне өткен жылдың маусым айында тағайындалған. Бұған дейін мемлекеттік қызметте түрлі лауазымдар атқарған, деп хабарлайды Orda басылымы.
«Оқиғаның мән-жайы анықталуда, тергеу жүргізіліп жатыр. Басқа ақпарат жарияланбайды», — деп хабарлады Ақтөбе облыстық полиция департаменті.