homepage
Фото: Ашық дереккөзден/Көрнекі сурет

Алматыда студент оқытушыны пышақтады

22.12.2025, 11:37

Алматыда студент өз оқытушысын пышақтады, деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Полицияның мәліметінше, оқиға Алмалы ауданында тіркелген. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазір оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.

Qumash телеграм арнасының хабарлауынша, жағдай ALT University оқу орнында болған. Зардап шеккен оқытушыға медициналық көмек көрсетілген, оның өміріне қауіп төніп тұрған жоқ.

“Университетте бізге оның басқа кафедрада оқитыны және жәбірленуші оған сабақ бермейтіні айтылды. Олар бір-бірін жеке танымаған. Топтағы студенттердің сөзінше, жігіт бұрын агрессия танытпаған, сабырлы әрі тұйық мінезді”, – деп хабарлайды телеграмм арна.