Елде тексерістен өткен стоматологиялардың тең жартысы емдеу стандарттарын сақтамайды. Тіс емдейтін креслода көз жұмған астаналық қыз баланың оқиғасынан соң жаппай тексеріс жүргізген құзырлы министрлік осындай қорытындыға келді, деп хабарлайды Juzmedia.
Бұл жайында ҚР Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Тимур Сұлтанғазиев «Түйін» ақпараттық-сараптамалық бағдарламасына берген сұхбатында айтып берді.
«Жоспар бойынша 350-ге жуық мекеме тексеріледі. Қазір соның 210-ы тексерілді. Жартысында стоматологиялық қызметтерді көрсету стандарттарының сақталмағанын көрдік. Мысалы Жамбыл облысының өзінде 10 нысан жабылды. Ел бойынша бұзушылықтар анықталған стоматологияларға 30 млн теңгеге дейін айыппұл салынды», - деді спикер.