Қазақстанда қыс қаһарына енді мінді, аяз күшейеді, деп хабарлайды Juzmedia.kz.
Абай облысы мен Шығыс Қазақстан облысы аумағында ауа температурасы –20…–25°С-қа дейін төмендейді.
Жел күшейіп, екпіні 15–25 м/с-қа дейін жетуі мүмкін. Әсіресе, Астана, Ақмола облысы, Қарағанды, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Жамбыл, Алматы, Жетісу және Маңғыстау облыстарында жер екпіні күшейе түседі
Батыс Қазақстан облысын қоса алғанда, солтүстік, шығыс және оңтүстік-шығыстың бірқатар өңірінде боран соғып, жол жабылуы кәдік
Ал, Алматы, Шымкент қалалары мен Түркістан, Ұлытау, Қызылорда, Атырау, Ақтөбе облыстарында көктайғақ болып жол қозғалысы қиындауы мүмкін.
ТЖ қызметі тұрғындарды алыс жолға шықпауға, ауа райы туралы ескертулерді қадағалауға және қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырады.