homepage
Фото: Ашық дереккөзден

Алматыда тағы жер сілкінді

22.12.2025, 09:07

Бүгін Алматыда тағы да жер сілкінді. Дүмпу 02:16-да тіркелген, деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Қазақстанның Геофизикалық зерттеулер институтының  мәліметіне сәйкес, жер сілкінісінің ошағы Қытай аумағында орналасқан, магнитудасы 5,0. Сейсмологтардың есебінше, Алматы қаласында 2 балл шамасында сезілген.

Ал ТЖМ қарасты Ұлттық сейсмологиялық байқау және зерттеу ғылыми орталығы эпицентр Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 256 шақырым жерде, Қытай аумағында орналасқанын хабарлады. Бұл мекеменің мәліметінше, қала аумағында жерасты дүмпуі байқалмаған.

Қырғызстан Ұлттық ғылым академиясының Сейсмология институты жер сілкінісінің ошағы Қытайдағы Как Шаал Тоо жотасында, Бедел ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 33 шақырым жерде болғанын мәлімдеді. Бұл аумақта жер сілкінісінің күші 3,5 баллға жеткен.