homepage
Фото: ашық дереккөзден

Асанәлі Әшімов дүниеден өтті

21.12.2025, 13:27

89 жасына қараған шағында КСРО Халық әртісі, Қазақстанның Еңбек Ері, кино және театр әртісі, режиссер Асанәлі Әшімов дүниеден өтті, деп хабарлайды Juzmedia

Бұл туралы «Алматы әуендері» ұжымы хабарлады. 

“Бұл — бір адамның ғана емес, тұтас бір дәуірдің қоштасуы. Ол өнерге адалдықтың, сахнаға тазалықпен қызмет етудің, ұлт рухын қорғаудың үлгісін көрсетті”, - делінген хабарламада. 

Қазақ сахнасының саңлағы кеше ғана Qazaqstan телеарнасындағы "1001 түн”бағдарламасына қонақ болып келіп, сұхбат барсында өмірден ерте өткен ұлдарын еске алып, көзіне жас алған. 

«Анам мен ұлдарым түсіме жиі кіретін. Бірде ауруханада ем қабылдауға барарда ұйықтап қалыппын. Сол сәтте Сағи ұлым түсіме кірді. Оның “аға” деген дауысын естідім. Оятқаны ғой. Балаларымды інімдей көрдім. Бір өкінішім – бетінен бір сүймеппін», – деді Асанәлі Әшімов көзіне жас алып.