homepage
Фото: Ашық дереккөзден

Илон Масктың байлығы рекордтық деңгейге жетті

21.12.2025, 11:09

SpaceX, Tesla және xAI компанияларының негізін қалаушы Илон Масктың байлығы 700 млрд доллардан асып, дүниеде осынша дәулет жинаған алғашқы адам атанды, деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Forbes дерегінше, оның қазіргі дәулеті рекордтық 749 млрд долларға жеткен  

Миллиардердің байлығы Делавэр штатының Жоғарғы соты, Маскке Tesla акцияларына берілген опциондарды жою туралы төменгі сот шешімінің күшін жойғаннан кейін күрт өсті. Аталған опциондардың қазіргі нарықтағы құны 139 млрд доллар деп бағаланады.

Сот шешімінен кейін Tesla қайтадан Масктың ең қымбат активіне айналды. Ол компанияның жай акцияларының 12 пайызына иелік етеді. Бұл үлестің құны 199 млрд доллар болса, Tesla-дағы барлық активтерінің жиынтық құны 338 млрд долларға жеткен.

Сонымен қатар бұл есепке қараша айында бекітілген рекордтық бонус пакеті кірмеген. Аталған келісімге сәйкес, егер алдағы он жылда Tesla-ның нарықтық құны сегіз есе өссе, Маск қосымша акциялар арқылы 1 триллион долларға дейін табыс табуы мүмкін.

Айта кетейік, Илон Маск бұған дейін болашақта ақша мүлде болмауы мүмкін деген болжам айтқан болатын.