homepage
Фото: Ашық дерекөөзден

Қатты аяз, боран: 21 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы

21.12.2025, 09:02

21 желтоқсан, жексенбі күні Қазақстанның көптеген аймақтарында қар жауып, боран соғады, деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Синоптиктердің болжамынша, солтүстік-батыс, солтүстік, шығыс және орталық өңірлерде қалың қар түседі.

Батыс пен оңтүстік аймақтарда жаңбыр мен қар аралас жауады. Елдің оңтүстік және оңтүстік-шығысындағы таулы аудандарда қарлы боран болуы мүмкін.

Сондай-ақ республика аумағының басым бөлігінде тұман түсіп, көктайғақ болады, жел күшейеді деп болжануда.

Ауа температурасы солтүстік-батыс, солтүстік, шығыс және орталық облыстарда 0…–5 градустан –18…–30 градусқа дейін төмендейді. Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарында қатты аяз күтіліп, сынап бағаны –33…–35 градусқа дейін түсуі мүмкін. Қалған өңірлерде ауа температурасының айтарлықтай өзгеруі байқалмайды.