Алматы тауларында сноуборд тебуге шығып, хабарсыз кеткен қыздың денесі табылды, деп хабарлайды Juzmedia.kz. Алматы қалалық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қыздың жоғалғаны туралы хабар 19 желтоқсан күні кешке түскен. Туысының айтуынша, ол таулы аймаққа сноуборд тебуге шығып, кейін байланысқа шықпай қалған. Осыдан кейін іздестіруге жұмылдырылды.
20 желтоқсан күні сағат 13:04-те іздестіру-құтқару жұмыстары барысында марқұмның денесі Бутаков сарқырамасы маңынан табылған. Құтқарушылар денені теңіз деңгейінен шамамен 2100 метр биіктіктен Бутаков шатқалындағы бақылау-құтқару бекетіне дейін түсіріп, полиция қызметкерлеріне тапсырды.
Аталған дерек бойынша сот-медициналық сараптама тағайындалды. Марқұмның жеке басы барлық қажетті сараптамалар аяқталғаннан кейін түпкілікті анықталады. Іздестіру жұмыстарына 73 адам, 10 техника, 5 ұшқышсыз ұшу аппараты және 3 кинологиялық есептоп қатысқан.