homepage
Фото: Forbes.kz

BI Group Украинаны қалпына келтірмек

20.12.2025, 12:44

Қазақстандық BI Group құрылыс компаниясы Украина нарығына ресми түрде шықты. Компания жергілікті Watzenrode құрылыс ұйымын сатып алып, елді қалпына келтіру жобаларына қатысуды жоспарлап отыр, деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Компания Украинада бас мердігер ретінде инфрақұрылымды қалпына келтіру жұмыстарына араласуды, сондай-ақ Киев пен оның маңында тұрғын үй салуды көздейді. Бұдан бөлек, BI Group-ті жаңартылатын энергия көздері саласындағы жобалар да қызықтырып отыр.

BI Group-тің Украина нарығына қызығушылығы 2018 жылдан басталған. Ал 2023 жылы компания украиналық DIM құрылыс компаниясымен әріптестік орнатты.