homepage
Фото: ChatGPT арқылы жасалды

Дубайдағы виллалар мен қонақ үй: қайтарылған активтер сатылды

20.12.2025, 12:04

Қайтарылған активтерді басқару компаниясы жылдық жұмысының нәтижесін жариялады, деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Осы аралықта сатылған немесе мемлекеттік меншікке берілген ең ірі объектілерді сатылымға шығарған. Бас-аяғы 155 актив сатылды  

Олардың ішінде Астанадағы «Думан» қонақ үйі мен Дубайдағы виллалар бар, ал активтерді сатудан түскен жалпы табыс 38 млрд теңгеден асты.

Ірі келісімдердің қатарында Астанадағы «Думан» қонақ үй кешені (14,1 млрд теңге) және Дубайдағы екі вилла (20,7 млрд теңге) бар. Сонымен қатар, 29,4 млрд теңгеге 33 актив мемлекет меншігіне берілді. Олардың ішінде жер учаскелері, археологиялық артефактілер мен көне монеталар бар, олар қазір ҚР Ұлттық музейінде сақтаулы.

Нәтижесінде арнайы мемлекеттік қорға активтерді сатудан және басқарудан түскен 38,3 млрд теңге кіріс аударылды.