homepage
Фото: СІМ

Қазақстан елшісі Трампқа сенім грамотасын тапсырды

20.12.2025, 11:30

Ақ үйде Қазақстанның АҚШ-тағы Төтенше және өкілетті елшісі Мағжан Ильясов Дональд Трампқа сенім грамотасын ресми түрде табыстады, деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Салтанатты рәсім Ақ үйде өтті. Мағжан Жанботаұлы Ильясов Қазақстан Президентінің жарлығымен қазан айында елші қызметіне тағайындалған. Ол бұл қызметте Ержан Әшікбаевты алмастырды.

Айта кетейік, бұған дейін, жетінші қарашада, Қасым-Жомарт Тоқаев пен АҚШ президенті Дональд Трамп Ақ үйде келіссөз жүргізген. Кездесу барысында Қазақстан мен АҚШ арасында ірі коммерциялық келісімдерге қол қойылып, тараптар екіжақты экономикалық байланыстарды тереңдетуге мүдделі екенін растаған.