homepage
Фото: Ашық дереккөзден

Алаяқ миллионер шетелде ұсталды

20.12.2025, 10:02

2018 жылы банк қосымшасындағы жүйелік қателікті пайдаланып, өз шотындағы қаражаттан асатын жалған аударымдар жасаған қазақстандық Швециядан елге жеткізілді, деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Тергеу дерегіне сәйкес, күдікті екінші деңгейлі банктердің бірінің мобильді қосымшасындағы ақауды пайдаланып, шот балансынан бірнеше есе көп соманы аударып алған. Соның салдарынан банкке 55 млн теңге көлемінде шығын келтірілген.

Қылмыс жасалғаннан кейін күдікті шетелге қашып, халықаралық іздеуге жарияланған. Биыл ол Корольдік Швеция аумағында ұсталып, Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасының сұрауы бойынша Қазақстанға экстрадицияланды.

Қазіргі уақытта күдікті тергеу изоляторына қамалды. Оған тағылған айып бойынша бес жылдан он жылға дейін бас бостандығынан айыру және мүлкін тәркілеу жазасы қарастырылған.

Айта кету керек, Қазақстан мен Швеция арасында экстрадиция туралы келісім жоқ. Соған қарамастан, 2023 жылдан бері бұл елден Қазақстанға төрт адам қайтарылған. Олардың ішінде жалған ақша жасау және алаяқтық істері бойынша күдікке ілінгендер бар.