Атырау облысында бірнеше күн бойы іздестірілген аңшының мәйіті табылды, деп хабарлайды Juzmedia.kz.
Облыстық ТЖД мәліметінше, 19 желтоқсан күні сағат 15:10 шамасында ер адамның денесі Ботахан кен орны аумағында, Каспий теңізі жағалауындағы қамыс арасынан табылды
Марқұм 1964 жылы туған. Ол 14 желтоқсанда достарымен бірге екі көлікпен аңшылыққа шыққан. Жолда серігінің көлігі істен шығып, олар аңшының көлігімен кетіп қалған, ал ер адам оқиға орнында қалып қойған. Осыдан кейін ол хабарсыз кеткен.
Полиция департаменті бұл дерек бойынша тексеру жүргізіліп жатқанын хабарлады. Тергеу мүддесіне байланысты өзге мәліметтер жария етілмейді.