Google компаниясы Gemini жасанды интеллект моделін қазақ тілінде іске қосты. Бұл туралы Цифрлық даму министрлігі хабарлады деп жазады Juzmedia.kz
Қазақ тілі Gemini моделінің тілдік қолдауын кеңейту аясында қосылған 23 жаңа тілдің қатарына енді. Бұл жаңарту Gemini 3 буынын іске қосумен байланысты.
Қазіргі таңда Gemini-дің қазақ тіліндегі интерфейсі веб-нұсқада қолжетімді. Оны пайдалану үшін Google аккаунт баптауларынан қазақ тілін таңдау қажет. Ал Android және iOS жүйелеріндегі мобильді нұсқалар, сондай-ақ нақты уақыт режимінде сөйлесуге мүмкіндік беретін Gemini Live қызметі жақын арада іске қосылады.