homepage

Қазақстанда балаларға қарсы қылмыс саны көбейіп кеткен

Juzmedia. kz
27.11.2024, 19:57

Биылғы қаңтар-қазан аралығында елімізде кәмелетке толмағандарға қатысты 3 мыңға жуық қылмыстық құқықбұзушылық тіркелген. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 37,1%-ға көп, деп хабарлайды Juzmedia.kz.

ҚАЙ ҚЫЛМЫС ТҮРІ ЖИІ ТІРКЕЛЕДІ

Energyprom сарапшыларының мәліметіне сүйенсек, ең қорқыныштысы, жеке тұлғаларға қарсы қылмыстар саны бір жылда 61,1%-ға көбейген.

Саны артқан жыныстық сипаттағы қылмыстардың ішінде:

  • Зорлау дерегі – 20,9%-ға;
  • жыныстық зорлық – 3,9%-ға;
  • 16 жасқа дейінгі кәмелетке толмағандармен жыныстық қатынас 11,3%-ға көбейген.

820 БАЛА ЖЫНЫСТЫҚ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚТАН ЗАРДАП ШЕККЕН

Биыл елімізде 820 бала жыныстық зорлық-зомбылықтан зардап шеккен, бұл 2023 жылдың он айымен салыстырғанда 84 балаға көп.

«Қазақстанда кәмелетке толмағандарға қатысты адам саудасы, иммун тапшылығы вирусын жұқтыру, азаптау, жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеу сияқты жантүршігерлік қылмыстар саны азяр емес. Мысал ретінде жақында жария болған Қызылорда облысындағы жезөкшелікпен айналысуға мәжбүр болған жасөспірім қыздың оқиғасын айтуға болады. Он айда мұндай деректер саны 14 болса, өткен жылы 5 дерек тіркелген», - дейді сарапшылар.

СУИЦИД САНЫ АЗДАП ТӨМЕНДЕГЕН

Осы уақыт аралығында «Өзін-өзі өлтіруге итермелеу» бабы бойынша қылмыстық құқықбұзушылықтар да (52,4%-ға) көбейген. Дегенмен суицид саны 14,8%-ға төмендеді.

«Он айдың ішінде кәмелетке толмаған 98 бала өзіне қол жұмсап көз жұмған. Сондай-ақ 93 суицид әрекеті тіркелген (20,8%-ға көп)» - дейді сарапшылар.

Juzmedia

«Juzmedia» - ақпараттық-ағартушылық портал. Қазақ қоғамының өсуі, өзгеруі тұсында болып жатқан құбылыстарды мүлт жібермейтін сенімді ақпарат көзі. Атауына қатысты түсініктеме бере кетсек: Елде болып жатқан әр іс-әрекеттің сыртында адам, адамның бет-бейнесі, ЖҮЗІ бар. Яғни, жауапкершілігі, ар-ожданы деген сөз. Мейлі қарапайым адам, мейлі шенеунік осы түсінік аясынан алшақтамаса.