homepage
Фото: ашық дереккөзден

Сарапшылар Қазақстан үшін "қауіпті" болжам жасады

19.12.2025, 15:06

Келер жылы мұнай бағасы айтарлықтай төмендеуі мүмкін. Дүниежүзілік банктің есебін талдай отырып, халықаралық сарапшылар осындай болжам жасап отыр. Шикізат экспортына байланған Қазақстан экономикасы үшін бұл қауіпті жағдай, деп хабарлайды Juzmedia ​Energyprom.kz мониторингтік агенттігіне сілтеме жасап.  

Мұнайдың арзандауына кем дегенде үш себебі бар. Біріншісі, жаһандық экономиканың әлсіз өсімі, екіншісі, мұнайдың артық өндірілуі, ал үшіншісі, әлемдегі геосаяси ахуал. 

Дүниежүзілік банк сарапшылары, келер жылы Brent маркалы мұнайдың орташа бағасы $60 дейін тмендейді деп болжайды, бұл оңғы бес жылдағы ең төмен көрсеткіш. Түсті металдардың бағасы да келесі жылы 0,9% төмендеуі ықтимал. Ал, темір рудасы 2026 жылы 4,1%-ға, 2027 жылы 4,3%-ға арзандайды. Мырыштың бағасы да 2026 және 2027 жылдары 1,8%-ға төмендеуі мүмкін. 

Energyprom сарапшылары Қазақстан экономикасының шикізат экспортына тәуелділігін ескере отырып, келер жыл Қазақстан экономикасы үшін қиынға соғады деген қорытынды жасайды.