homepage
Фото: ortcom.kz

"Отырсаң - опақ, тұрсаң - сопақ": Әкім әлеуметтік желідегі белсенділігін түсіндірді

19.12.2025, 14:23

Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов Threads әлеуметтік желісіне тіркелу себебін журналистерге түсіндіре кетті. Қазір ол аталған платформада аккаунты бар жалғыз өңір басшысы, деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Әкімнің айтуынша, желіге келуіне отбасы мен балалары ықпал еткен. 

 «Отбасылық чатымыз бар. Балаларым түрлі сілтемелер, идеялар жібереді. Содан өзім де қарай бастадым. Желіде отырсаң сынайды, отырмасаң тағы сынайды. Мен де адаммын, менің де өмірім бар», – деді ол.

Асайын Байхановтың сөзінше, әлеуметтік желіге күніне 20–30 минут уақыт бөледі. Оның пікірінше, желі қоғамдағы көңіл күйді, әсіресе жастардың не ойлайтынын түсінуге көмектеседі.

«Адамдарды не мазалайды, жастар не ойлайды – соны білу маңызды», – дейді облыс әкімі.

Ол өңір басшылығына келмей тұрып та әлеуметтік желілерде белсенді болғанын айтып, желіні әлемді тануға мүмкіндік беретін құрал ретінде бағалады.

Айта кетейік, бұған дейін Асайын Байхановтың Threads платформасындағы белсенділігі желі қолданушылары арасында қызу талқыланған еді.