Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы қаласында БҰҰ университетінің өңірлік филиалын құруды ұсынды. Оның айтуынша, Қазақстан бұл бастаманы Орталық Азия және Ауғанстанға арналған БҰҰ орнықты даму орталығының негізінде жүзеге асыруға дайын, деп хабарлайды Juzmedia.kz.
«Филиалдың қызметін су және климат қауіпсіздігі, қақтығыстарды реттеу, бітімгерлік, орнықты даму және жасанды интеллектіні басқару мәселелеріне бағыттауға болады», – деді Мемлекет басшысы.
Айта кетейік, БҰҰ университеті – БҰҰ Бас Ассамблеясы құрған жаһандық зерттеу және білім беру орталығы. Университеттің штаб-пәтері Токиода орналасқан, ал оның құрамында әлемнің 12 елінде орналасқан 13 институт бар.