18 желтоқсанда полицияға «Хайвилл» тұрғын үй кешенінің аумағында ер адамның мәйіті табылғаны туралы хабар түсті деп хабарлайды Juzmedia.kz.
Тексеру барысында марқұмның жеке басы анықталды. Алдын ала мәліметке сәйкес, ол биіктен секіріп, өз-өзіне қол жұмсаған.
Сондай-ақ Астананың басқа ауданында тағы бір тұрғынның үйдің жоғарғы қабатынан әйел адамның құлап кеткені хабарланды.
Екі дерек бойынша да сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.