Жетісу облысы Бақтыбай ауылындағы Мәдениет үйін күрделі жөндеуге бөлінген бюджет қаражатын жымқыру фактісі бойынша тергеу жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Juzmedia.kz.
Қаржы мониторингі агенттігінің мәліметінше, 2020 жылы Ескелді ауданының ішкі саясат бөлімі мен мердігер ұйым арасында нысанды жөндеуге 753 млн теңгеге келісімшарт жасалған. Жоба 2021 жылдың желтоқсанында аяқталуы тиіс болған, алайда мәдениет үйі әлі күнге дейін пайдалануға берілмеген.
Тергеу барысында қабылданып, төлем жасалған кейбір жұмыстардың іс жүзінде орындалмағаны анықталған. Мемлекетке келтірілген залал 212 млн теңгеден асады.
Қылмыстық іске қатысы бар тұлғалардың мүлкіне шектеу қойылды.