homepage
Фото: Tengrinews.kz

Ақтөбеде жүкті әйел екпеден комаға түсіп, қайтыс болды

19.12.2025, 09:22

Ақтөбеде 41 жастағы, жүкті әйел көз жұмды. Марқұмның туыстары бұған дәрігерлерді кіналайды, деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Марқұмның жұбайы Руслан Сырлыбаевтың айтуынша, 29 қараша күні әйелінің қан қысымы күрт көтеріліп, жедел жәрдем шақырылған.

«Қысымы 210 болып тұрды. Магнезия салғаннан кейін жағдайы бірден нашарлады. Жүрегі айнып, өкпесінде сырыл пайда болды. Кейін ол комаға түсті», – дейді ол.

Әйел ауруханаға жатқызылғанымен, есін жимастан 1 желтоқсанда қайтыс болған. Дәрігерлер кесарь тілігін жасағанымен, іштегі қыз баланы да құтқару мүмкін болмаған.

«Жұбайым мүлде сау еді. Уақытында тексеруден өтіп жүрді, жүктілігі қалыпты болды. Біз тіпті жедел жәрдем шақырардан бір күн бұрын концертке барғанбыз», – дейді марқұмның күйеуі.

Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасы оқиғаға қатысты қызметтік тексеру басталғанын хабарлады.

«Тексеру жан-жақты жүргізіледі. Қорытындысы марқұмның туыстарына хабарланады», – деді басқарманың штаттан тыс бас акушер-гинекологы Анар Ақатаева.

Марқұмның артында екі ұлы қалды.